Реклама от asia.kz: Создайте себе сайт-визитку бесплатно!
Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане
asia.kz/create/site/

"Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы" ММ


Мектеп директоры: Утеулина Нургуль Жумадиловна

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

 ​

      Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкенжауапкершіліксезімдері бар отбасы – бақыттыотбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отыныңбасындағытәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапанұяда не көрсе, ұшқандасоныіледі» – дегендей, есікіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, іл алғыш етіп баулыған жөн.

   Қай халық болмасын үмітінең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:

«Ана – үйдіңберекесі,

Бала үйдің – мерекесі.

Бұтағыменағашсымбатты,

Ұрпағыменадамқымбатты.

ала болсаң балғындай бол.

Айналаңа қорғандай бол» –

деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атақ қалайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орныбөлек. Әке мен ана – баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке танытады.

  Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «Адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.

  Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады. Сонғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұғанкейдезаманды да кінәләпжатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегіәкеніңорныбөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесінкөрген бала ертең қоғамда да өзотбасында да шешушітұлға бола алады. Кавказ халықтарында: «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – шырағы, ер жігітке – өзүйі» – деген тамаша нақыл сөз бар.

  Қазақстан Республикасының Ата Заңыңда «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиги құқығы, әріп арызы» -делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердіңөзбалалары мен немерелерінесонауалысболашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» – делініп, ұрпақ тағдыры айтылады. Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-анаүшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жасадам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бірата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егер де ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрын атынына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат. Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» – деген халық даналығын ұмытуға ешкімнің хақысы жоқ.

  Сондықтан, «Бала жас, әліешнәрсенібілмейді, өсекелербәрітүсінеді» – депқарау – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады, оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

«Отбасы –шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер» – дегені бар.

  Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылымдарыналуы, олардымеңгеріпіс- жүзіндеқолдануыынта мен ықылас, қайрат пен қажырететінжолынанөтугетиіс.

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнермен қуантады түбінде.

Бала нені білсежастан, ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер – білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

  Жақсы-жаманболса, бала – соларда» – деп ХІ ғасырдаЖүсіпБаласағұнайтқандай, ата-аналарбалаларыныңжекеерекшеліктерінжаскүнінентанып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің маңызы ерекше.

  Отбасындағы тәрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің негізі. Еңбек етебілмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Ежелгі Рим философы Гораций айтқандай: «Өмір еңбексіз ештене бермейді.» Сондықтан: отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу бастыны сана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелелері арасындағы қарым-қатынаста әдеп-инабат, адалдық пен ақпейілдікүстем бола алады. Бүгінгі таңда ата-анасы қасында болса да қадір-қасиетіне жете алмай, ұлдарымыз маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымызшылымшегіп, жеңіл жүрістерге түсуі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының айғағы.

  Шариғатта да алтын ұя – отбасыжоғарыбағаланып, оны бала тәрбиелепөсіруінебіріншідәрежелімәнберілген. Ойткені: «Балалар – ата-аналар қолына берілген аяулы аманат» Бұл ғажайып құдайшылдық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің мандайшасына іліп қоютұрарлық. Баланы өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалықшақ, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақытты жағалауын бетке алып, өмір – айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегі – әке мен ана дер едік.

Объявление от Asia.kz:
Создайте себе сайт-визитку бесплатно!

Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане

 
ПнВтСрЧтПтСбВс
Реклама:
Создать сайт бесплатно
 
Реклама от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы  

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам
 

westlan.kz  
 
Пожаловаться на сайт